18.02.2019, 12:27
Қараулар: 464
Ұстазымды мақтан тұтамын

Ұстазымды мақтан тұтамын

Ұстаз – құдіретті күш. Барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып-үйрететін абзал жандар. Мұғалім берген тәрбие әркімнің өміріне жол сілтер шамшырақ екені анық. Сондай жанның бірі – Гүлмира Айбатуллина. Оның әр сабағы қызықты өтеді. Бізге пайдалы мәліметтер береді, ойындар, суреттер қолданып, тақырыпты ұғынықты түсіндіріп беретіні ғажап. Өзім математика сабағын ұнатамын. Гүлмира Бақтыбайқызы маған «Жарайсың!», «Есепке жүйріксің!» деп қанаттандырады. Әр сөзін жаныма сақтап, ақылды болуға ұмтылып келемін. Сыныптан тыс уақытында да шәкірттерінің талабын ашуға асық. Оның еңбекқорлығын, ізденімпаздығын жоғары бағалаймын.

Білім беру саласындағы жетістіктері үшін ол 2017 жылы бастауыш сынып мұғалімдерінің қашықтық олимпиадасынан І дәрежелі диплом алса, мен де сондай диплом алдым. Аудандық кіші ғылыми жобадан тұстасым М.Арманжанұлы ІІ орын иеленді. Әрине, мұның бәрі ұстаз еңбегі деп білеміз. Бізді сұрақпен ойландырып, қызықты деректер береді, іздендіреді.

Абзал жанның алар биігі көп болсын деп тілейміз. «Ұстаз – ұлы есім» деп заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, мен ұстазыммен мақтанамын.

Ринат ӘЛІМГЕРЕЙ,

Ілбішін негізгі мектебінің 4-сынып оқушысы