18.02.2019, 12:29
Қараулар: 15
Баланың қуанғаны – бақтың құтайғаны

Баланың қуанғаны – бақтың құтайғаны

Жылдағы дәстүр бойынша тайпақ мектепгимназиясында «қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл шарада қамқоршылық кеңесінің төрағасы Даурен Ғилманов, кеңес мүшелері өздерін қолдаған тұрғындармен бірге екі оқушыға қысқы аяқ киім алып берді.

Сондай-ақ мұғалімдер Еркебұлан Саматұлы, Анаргүл Тілекқабылқызы, Гүлмира Мұратқызы, Райхан Борисқызы, т.б. ақшалай үлес қосып, балаларға оқу-құралдарын сыйлады. Жас мамандарымыз Нұрсұлтан Манарұлы, Ақмарал Маратқызы, Айнагүл Лесовна, Шынар Мұратқызы, Бибінұр Ерболатқызы бір отбасыға азық-түлік алып берді. Әдеттегідей, акциядан шәкірттердің өздері де
шет қалмауда. 5-7 сыныптар оқушылары бастама көтеріп, мектептес 21 ұл-қызға 60265 теңгенің оқу-құрал, киім-кешектерін сыйлады.

Айдана БІРЛЕСОВА,

әлеуметтік педагог,

Тайпақ ауылы