20.02.2019, 9:19
Қараулар: 172
Жастар және «Жақсылық жаса!»

Жастар және «Жақсылық жаса!»

Облыс бойынша «Жақсылық жаса!» қайырымдылық марафоны біздің аудан жастары арасында кеңінен қолдау табуда. Қыз-жігіттер бір аптада ауылдардағы жалғызбасты қариялар, мүмкіндіктері шектеулі жандар, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, яғни 25 үйдің ауласын қардан тазартуға жәрдемдесті, басқа да тірліктеріне қолғабыс берді.

– Бүкіл ауданды қамтыған марафон аясында Чапаевта жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың «Шапағат» қайырымдылық дүкенінде ауқымды акция ұйымдастырылды. Осы акция аясында бес аз қамтылған отбасына азық-түлік себеттері мен киім-кешектер тарту етілді, – дейді жастармен жұмыс жөніндегі кеңесші маман Айнагүл Бегеева.

Бекем БеКҰлы