20.02.2019, 9:26
Қараулар: 12
Көктемгі егіс: неге назар аудару керек?

Көктемгі егіс: неге назар аудару керек?

Көктемгі егіс салуды жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарын (тр тС 031/2012 тр) орындауы маңызды рөл атқарады.

Кеден одағының техника лық регламенті оның аумағындағы ауыл — шаруашылық және орман шаруашылығының доңғалақты және шынжыр табан тракторлары мен тіркемелеріне қойылатын, қолдану және орындау, бірыңғай кедендік аумақта айналымға шығарылатын, аталған техниканың еркін орын ауыстыруын қамтамасыз ету үшін бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу мақсатында әзірленді.

Техникалық регламенттің  талаптары барынша ең жоғары есептік жылдамдығы 6 км/сағ.кем болмайтын тракторлар мен тіркемелерге қолданылады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігіне әсер ететін және шығарған еліне қарамастан, тракторлар мен тіркемелерден жеке Кеден одағының бірыңғай аумағында айналымға шығарылатын, қайтадан дайындалатын және енгізілетін тракторлар мен тіркемелердің компоненттеріне қолданылады. Осы Кеден одағы техникалық регламентінің талаптары қолданылатын компоненттердің тізбесі ЕЭК сайтында орналасқан.

Кеден одағының техникалық регламентінің 1-статьясы, 2-бөліміне сәйкес сол регламент мыналарға: жеке-жеке дара, сондайақ жеке шығармашылық тәртіппен дайындалатын тракторлар мен тіркемелерге; Кеден одағы техникалық регламенті күшіне енгенге дейін оның аумағында айналымға шығарылған, бірыңғай кедендік аумақта бұрын пайдалануда болған, пайдалануда тұрған немесе жөндеуден өткен тракторлар мен тіркемелерге қолданылмайды.

Нарықта айналымға шығарар алдында тракторлар, тіркемелер немесе құрауыштар осы Кеден одағы техникалық регламентінің
қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растаудан өтуге тиіс.

Сыналатын барлық өнімдер бірнеше негізгі санаттарға бөлінеді: Т санаты – дөңгелекті тракторлар, С санаты – шынжыр табан тракторлар, R санаты – тіркемелер. ТР ТС 031/2012 ҚС-ның 6-бабының 5.1-тармағына сәйкес өнімді дайындаушы немесе импорттаушы куәлікті беру үшін мынадай құжаттар пакетін дайындауға тиіс: Ереженің №2 нысанындағы трактордың немесе тіркеменің толық техникалық сипаттамасы; пайдалану нұсқаулығы; техникалық шарттар, сызбалар, жабдықтарды нақтылау, басқа
да жобалау құжаттары; өнімнің және оның жекелеген құрамдас бөліктерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын
құжаттар; өнімді жеткізу туралы келісімшарт; ілеспе құжаттар; тест есептері (бар болса).

Жоғарыда келтірілген техникалық регламенттер туралы көбірек білгіңіз келсе Еуразиялық экономикалық комиссияның веб-сайтынан немесе Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116, 311 кабинет, тел: 8 (7112) 51-07-54 мекенжайында орналасқан Батыс Қазақстан
облысы бойынша техникалық реттеу және метрология комитетінің департаментіне хабарлассаңыздар болады. Email: uktrm_zko@mail.ru.

Нұрлыбек ШӘКІЛОВ, 

аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы