22.02.2019, 9:20
Қараулар: 23
Алғабастық мұғалімнің бас жүлдесі

Алғабастық мұғалімнің бас жүлдесі

Аудан орталығында жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін белсендендіру, кәсіби дағдыларын жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты ІІІ республикалық байқаудың аудандық кезеңі өтті. Жастар жылына арналған үлкен шараға 28 жас педагог қатысты. Осы тақырыпта эссе жазып, «Шығармашылық жолдың бастамасы» атауымен өздерінің ізденістерін әйгілеу, көркемсөз оқу, жұмысын аудиожазба арқылы саралаудан сынаққа түсті.

Одан әрі қатысушылар Абай атындағы мектеп-гимназияның базасында бейтаныс сыныпта (1- 3, 5-8-сыныптарда) ашық сабақ өткізді.

Қорытындысында бас жүлде Алғабас орта мектебінің математика пәні мұғалімі Еламан Халиматовқа бұйырды. Білім ұясындағы еңбек жолы үшінші жылға аяқ басқан оның сөйлеу мәнерін қалыптастыруы, тіл байлығы үшін ізденістері, «Бір айнымалысы бар сызықтың теңсіздіктер жүйесі» атты сабақтары жоғары бағаланды. Сөйтіп, облыстық байқауға жолдама алды.

І орынды Жайық негізгі мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Светлана Зайдолла, ІІ орынды Абай атындағы мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі Ағырыс Әдиетова мен М.Әуезов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жансая Елеусінова, ІІІ орынды Чапаев №1 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Әсел Қошай, Харькин орта мектебінің тарих пәні
мұғалімі Санат Кәрімов, Тайпақ орта мектебінің химия пәні мұғалімі Гүлзада Ермекқалиева мен Мерген орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Дана Оразова еншіледі.

Анар БАЙМҰХАНОВА, 

аудандық білім бөлімінің әдіскері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар