22.02.2019, 9:36
Қараулар: 8
Жетекшілермен кеңес

Жетекшілермен кеңес

Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов апта басында бөлім, ұйым, мекемелер жетекшілерімен кеңес өткізді.

Осында ауылдарды көріктендіру жөнінде өткен жылғы атқарылған жұмыстар, сонымен қатар алдағы жоспарлар туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің басшысы Асылбек Жаншин хабарлама жасады.

«Жайықтехсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Әлжан Досмақов өз хабарламасында тұрғындарды таза ауыз сумен қамту және алда тұрған міндеттер туралы айтты. Ол кейбір мәселені де атады.

Кеңесте сондай-ақ көктемгі су тасқынын апатсыз өткізу жайы талқыланды. Аудан басшысы осыған байланысты жедел қимылдау күштері мен техниканың дайындығы қапысыз болуын қаперге салды.

Борис МЫРЗАҒАЛИЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар