22.02.2019, 11:03
Қараулар: 162
Ықпалы айтулы саяси күш

Ықпалы айтулы саяси күш

Жалақы, зейнетақылар айлар бойы төленбей, барлық жинақ құнсызданып, адамның бар әрекеті күнделікті тірліктің қамы бол қалған қиын-қыстау кезеңде негізі қаланды ғой «Нұр Отанның». Сол қиындықтарды халқымен бірге еңсерген партияның құрылғанына, міне, 20 жыл да болып қалыпты. Тарих үшін қас-қағым сәт, әрине. Алайда осы кезеңде жұртымыз игілігі үшін қаншама ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды. Елдегі бірлік пен бейбітшілікті сақтаудағы рөлін ешкім жоққа шығара алмайды.

Еліміздегі іргелі саяси күшке, парламент тік партияға айналу — үшін тұңғыш қадамдар қандай болғаны, бәрі де есімізде. Алғашқы ұйымдастыру шараларында, қоғами ортада белсенді іс-қимыл жасау арқылы өзін танытуда қиындықтар ұшырасты. Иә, қиындықсыз тіршілік бола ма.

Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап дамудың дара жолымен жүріп келеді. Біз осы уақыт аралығында саясат пен экономикада үлкен жетістіктерге жеттік. Әлемдік қоғамдастықтың сенімін абыроймен ақтадық. Сол арқылы дүние жүзіне бейбітшілік пен келісімнің, сенім мен тұрақтылықтың алтын бесігі ретінде танылдық. Мұнда «Нұр Отанның» орны, қолтаңбасы зор.

Әлбетте, заман бір орнында тұрмайды. Қазір әлемнің үлкен өзгерістерді бастан кешіріп жатқаны да белгілі. Сол әлемнің бір бөлшегі ретінде Қазақстан да осы үдерістерден тыс қалмайды. Сондықтан бізге енді аталған өзгерістер мен жаһандық сынқатерлерге лайықты төтеп берудің жолын қалыптастыру аса маңызды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміз тәуелсіздігін нығайтуға байланысты сындарлы саясаты мен партияның бағыты, әрине, үндес, үйлесімді. Бұған мысалды алысқа бармай-ақ, бүгінімізден табамыз. Елбасы өзінің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылауды «Нұр Отанға» тапсырғаны белгілі. Соған орай республикалық және аймақтық Қоғамдық кеңестер құрылып,
жүйелі жұмыс жүргізуде. Айталық, IT мамандар даярлау үшін «20 ІТ орталық» және балаларға арналған тегін «1000 IT сынып» ашу жобаларын жүзеге асыруда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Нұр Отанның» идеологиялық платформасы болып отыр.
Мұның бәрі ел игілігінің арнасын толықтыруда. Мұның мысалын біздің өңірімізден, ауданымыздан да табуға болады. Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты өткен күздегі Жолдауын жүзеге
асыруға қатысты партия қолға алған қам-қарекеттердің өзі-ақ «Нұр Отанның» ел тынысындағы орнына көз жеткізіп келеді. Тарихи құжат миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Сондықтан да Үкіметке және барлық мемлекеттік органдар мен компанияларға жұмыс тәсілдерін өзгерту тапсырылды. Әсіресе білім беру, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнесті дамыту, қолжетімді баспана, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру сияқты салаларға ерекше мән берілуде. Қашан да барлық бастамаларды әлеумет жан-жақты қолдайтыны сөзсіз деп білемін. Елмен етене жұмыс істейтін партияның мүшелері ретінде біздің мемлекеттік мекемедегі 16 «нұротандық» оның табысты орындалуы үшін өз үлесін қосатын болады.

20 жыл ішінде партия жауапкершілікті ақты іспен дәлелдей білді. Парламентте, мәслихатта көп орынға иелік етіп отыр. Ірі саяси ұйымға айналу, Парламентте басым орынға иелік ету сияқты басты мақсаттарын жүзеге асыра алды. Бәрінен қымбат – халықтың сенімі мен ризашылығы. Жылдар жүзінде біз соны сезіне алдық.

Еліміздегі «Нұр Отанның» 6 мыңға жуық бастауыш партия ұйымы – үлкен күш. Демек партияның пәрменді, нәтижелі қадамы молая берері кәміл. Партиялық жаңғыру аясындағы басым бағыттарымыздың бірі – бастауыш партия ұйымдарын жандандырып, олардың жұмыс тиімділігін арттыру. Ауданымызда да осыған байланысты тегеурінді қам-қарекет бары қуантады. Бұл заман – нақты істің, нәтиженің, ілгерілеудің заманы.

Мәлік МҰХТАР,

Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры, облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы фракциясының мүшесі

Түсініктеме

Il Viagra Propecia Galenica generic levitra Medicament Cytotec C Est Pours Quoi Hydrochlorothiazide Aldoril Secure Medicine