25.02.2019, 9:53
Қараулар: 464
Өз үйім – өлең төсегім

Өз үйім – өлең төсегім

Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымы өздерінің қамқорланушылары үшін осындай ажарлы ахуал орнатуға ұмтылып келеді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер – өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғада (отбасында) пайда болған әлеуметтік мәселелерді шешуге, сонымен қатар оларға қоғамдағы басқа адамдар тәрізді теңдей мүмкіндіктер беруге бағытталған қызметтер жүйесі. Чапаевта 2016 жылы ашылған осы орталық өзінеөзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационарда көмекке мұқтаж жандарға үй жағдайына жақындатылған қызметтерді көрсетеді. Яғни Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілгендей, халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы қызмет көрсету стандартына сәйкес 8 бағыт бойынша – әлеуметтіктұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық,  еңбектік, мәдени, экономикалық, құқықтық қызметтер көрсетеді. Соның бәрі орталықтағы әрбір маманнан зор жауапкершілікті талап етеді. Мекемедегі мамандар, дәрігерлер тиісті нормаларға сәйкес мамандандырылған кабинеттермен, жиһаздармен қамтамасыз етілген. Жаңадан  паллиативті көмек пен сенсорлық психологиялық кабинеттер ашу жоспарда бар.

Өткен екі жылда қызмет алушыларға бірқатар сапалы жүйелер ұйымдастырылып, олардың талап-тілектерін ескеру жөнінде ауқымды қам-қарекет орындалды. Мұнда отбасыларының, туыстарының апта сайын, мереке күнгі демалыстарда келіп, кездесіп тұруына арнайы бөлмелер жабдықталған. 55 қамқорланушының 14-і – Ақжайық ауданынан.

– Бұл орталықта жұмыс жасап келе жатқаныма екі жыл болды. Жұмысым өзіме ұнайды. Бұл қызмет Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Ең алдымен Алланың алдындағы, одан кейін адамзаттың алдындағы парыз». Әрине, ерекше қамқорлықты қажет ететін жандармен жұмыс жасау төзімділікті, сабырлықты талап етеді, себебі алуан мінез-құлық, түрлі талғам… Әрқайсысының көңілін тауып, жақсы қызмет алуын қамтамасыз етіп, нәтижесін көріп жатсақ, бұл біздің еңбегіміздің жемісі, – дейді педагог-психолог Әсемгүл Ерланқызы.

Айталық, әуенді терапияда қызмет алушылар мазасыздық пен жаман энергиядан арылса, арт терапиясында сурет салумен айналысады. Құм терапиясында сурет салу арқылы ойларымен бөліссе, еңбек сабағында ашықхаттар, тоқыма бұйымдар жасап үйренеді. Сондай-ақ күнделікті тренингтер, жеке әңгімелесулер, жаттығулар, түрлі ойындар өткізіледі.

Мұндағы тәрбиеленушілер толымды кітап қоры бар кітапхана қызметіне жүгіне алады. Газет-журналдардағы мақалалармен танысуына да мүмкіндік бар. Кітапханадағы өткізілетін іс-шараларға қатысуына ынталандырылады. Еңбек терапиясында түрлі
қолөнер бұйымдарын жасайды. Мысалы, былғарымен жұмыс, тоқымамен айналысу, моншақтан сөмкелер, құмыра, Өз үйім –
өлең төсегім ойыншықтар жасаумен және тағы басқа жұмыстармен айналысады. Өте пайдалы терапияның бірі – еңбек терапиясы. Мәселен, бисермен жұмыс жасау оларға психологиялық аса жайлылық әкеледі. Аптасына бір рет аудандық балаларжасөспірімдер спорт мектебінде спортпен шұғылданады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік ортаға бейімдеу, кіріктіру барысында түрлі кездесу кештері, үйірмелер, фестивальдер, спорттық жарыстар, байқаулар, саяхаттар, сапарлар, концерттер ұйымдастырылады. Қызықты және тартымды шаралар арқылы оларда коммуникативтік сапа қалыптасып, өзін-өзі білдіру, ашу, тану үрдістерін жеделдетуге мүмкіндік туады.

Музыка пәнінің мұғалімі Ермек Сарқұлов осы орталықта екі жылдан бері қызмет жасап келеді. Ол мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы Абай Сағадиев және музыка жетекшісі Гүлжанат Хайрикеевамен бірге ойын-сауық, түрлі қызықты кездесулер, сайыстар, туған күн иелерін құттықтаулар, тағы басқа түрлі шаралард ұйымдастырады. Мереке күндері салтанатты кештер міндетті
түрде өткізіледі. Мұндағы қызмет алушылар домбырада ән айтады, музыкалық аспаптарда ойнауды үйренеді. Сондай-ақ қамқорланушылардың жеке концерттері ұйымдастырылып тұрады. Мәселен, Сергей Дашкеевичтің «Все начинается с любви» атты жеке концерті өткізілген болатын.

– Мәдени шараларға атсалысып, демеушілік көрсететін жандар болса, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді Е.Сарқұлов.

Өткен жылы қызмет алушылардан құрылған команда Орал қаласында өткен шағын футболдан жарыста ІІ орын алды. «БҚО мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Бәріміз бірдейміз!» атты облыстық фестивальде
мәнерлеп оқудан Хамидолла Жұмаев, вокалдан Михаил Суменков алғысхаттармен қошеметтелді. Мүгедектер арасындағы аудандық спартакиадада бадминтоннан Михаил Суменков, армрестлингтен Ринат Хамидуллин, қол күресінен Станислав Краснорутский жеңімпаздар қатарынан көрініп жүр. Осындай шаралар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өте маңызды екенін
айтып жату артық шығар.

Әли АСҚАР

Суреттерді түсірген автор

Бақтыбай ЕСІМОВ, ата-ана (Ақжол ауылы): – Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 2017 жылдан бері
қызым Айгүл Есімова қамқорлықта. Мұндағы қамқорланушыларға үйдегідей барлық жағдай жасалған. Өзімнің тұрғылықты мекеніме жақын жерде орналасқан орталықтың ашылғанына өте қуаныштымын. Мекеме басшысы Асылбек Сапарғалиевке және
ұжымға алғысым шексіз. Жұмыстарына табыс тілеймін.