1.03.2019, 10:16
Қараулар: 503
Жұрт уәжі ұдайы қаперде болсын

Жұрт уәжі ұдайы қаперде болсын

Бақтығали ҚОСПАЕВ, журналистика ардагері, Чапаев ауылы: Әлеуметтік саладағы ведомстволардың жұмысындағы, кейбір министрліктердің де олқылықтары бұдан былай кейін шегінетініне өз басым сенемін. Өйткені дәуір мұқияттылықты, қырағылықты, іскерлікті талап етуде. Еліміздегі жетекші саяси ұйымның XVIII съезінің материалдарына қарап отырып, осыған көз жеткіздім.

Әлеуметтік блокка қатысты қазақстандықтар жиі мәселе көтеріп жүргені мәлім. Съезде осыған байланысты қазып айтылды деп есептеймін. Халық уәжі әрдайым осылай қаперде болса, шіркін. Осы жерде айта кетейін, Мемлекет басшысының әлдебір құжаттар жинауда жұртты әуре-сарсаңға салдырмау жайында ескертуі де көпшіліктің көкейінен шыққаны сөзсіз. Елбасы бос статистиканы келтіруден аулақ болуды, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатуды бұрыннан да құлаққағыс жасады. Осының бәрі мүлтіксіз орындалса, іскерлік, адамдық ахуал тіпті ажарлана түсер еді.

Биылғы шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыру бастамасы да адам капиталын арттыруға үлкен үлес қосады деп сенемін. Білім саласына қатысты жоспарларға тоқталсақ, білімсіз келешек жоқ. Біз әлемдік бәсекелестікке қадам бастық. Сол бәсекелестікте жеңіске жетудің, басып озудың бірден-бір жолы – білікті, білімді жастар тәрбиелеу. Жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыру, Отан алдындағы қарызын өтеуге баулу бәрімізден айрықша серпілісті талап етеді.

Осының бәрі қазақтың тіккен туы әманда биікте желбіреуіне кепіл екені сөзсіз.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар