4.03.2019, 17:26
Қараулар: 17
Халқымыздың үмітін үкіледі

Халқымыздың үмітін үкіледі

Саламат ҒАЙСИН, Сарытоғай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы: — «Нұр Отан» партиясының өткен съезінен қазақстандықтардың тұрмыс жайы басымдық болып табылатынына тағы көз жеткіздім. Демек, экономикалықәлеуметтік тынысымыз өркендей түседі. «Қазақстан – 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының қабылдануы еліміз серпінді қадам жасайтынын сөзсіз әйгілейді.

Партияның жарияланған 2030 жылдарға арналған бағдарламасы да өміршең болары кәміл. Өйткені онда алдағы он жылға арналған жоспар, үлкен қадамдар мен мақсаттарға негізделген нақты әрекеттер қамтылған.

Халықтың іскерлік белсенділігін және жұмыспен қамтылуын қолдауға бағытталған шараларды қарастырған дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылдануы жұртымыздың көңілінен тағы шықты. Тек биылдың өзінде осы мақсатқа республикалық бюджеттен 225 миллиард теңге көлемінде арнайы резерв қарастырылған. Біздің ауылдық округ әкімі аппараты съезд қорытындыларын мұқият оқып-үйреніп, жұмысымызға серпіліс беретін боламыз.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар