5.03.2019, 9:24
Қараулар: 8
Әскери қызмет – айрықша абырой

Әскери қызмет – айрықша абырой

Бүгінде мерзімді әскери қызметке болсын, келісімшарт негізінде әскери салаға баруға тілек білдіргендер болсын, олардың қатары қалыңдап келеді. Өз өмірін армиямен байланыстыруға бел буған азаматтар бұл істің көптеген саласына келісімшартпен шақырылады.

Келісімшарт бойынша қабылдануға тілек білдірген 19 бен 35 жас аралығындағы азаматтардың Орал қаласындағы ақылы негіздегі әскери техникалық мектепті бітіргені жөніндегі сертификаты, орта, арнайы орта немесе жоғары білімді болуға тиіс. Оларға еңбекақы алуға, пәтермен, әскери медициналық мекемелерде тегін медициналық көмекпен қамтылуға және жоғары білім алуға мүмкіндік бар. Сондықтан келісімшарт бойынша Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалаларындағы әскери бөлімдерге Ақжайық аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Мысалы, ауданымыздан осы жылдың қаңтар айында Атырау қаласының әскери бөліміне барған, 1998 жылы туған Тұрсын Сисенғали әскери қызметін ойдағыдай атқаруда. Осындай қызметтегі мақсаткер, шешімтал жерлестерімізді мақтан тұтамыз.

Марал САДЫҚОВА,

қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау инспекторы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар