11.03.2019, 9:15
Қараулар: 146
Көктем лебі, раушан гүлі…

Көктем лебі, раушан гүлі…

Халықаралық әйелдер күніне орай Чапаевта аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов мерекелік қабылдау өткізді. Байырғы айтулы мейрам иелері – ауылдардан келген әйеланаларға олардың ел игілігіне арналған еңбегі, отбасының бағын гүлдендірудегі мақсаткерліктері үшін зор ризашылығын айтып, жүрекжарды тілегін білдірді.

Жуырда өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың, оның ішінде көпбалалы отбасылардың тұрмыс деңгейін көтеруге қатысты ауқымды да нақты міндеттерді белгілегені көпшілікке мәлім. Қ.Айтмұхамбетов мемлекеттің осындай қолдауына, қамқорлығына сай, ақжайықтықтар, барлық әйел-аналар еңбектерін еселеп, жаңа дәуірдің талабына сәйкес ұғыныстықты, жауапкершілікті шыңдай түсеріне зор сенімін жеткізді.

Мерекелік қабылдауда қарауылтөбелік көпбалалы ана Зияда Оспанова, есенсайлық ардагер ұстаз Жаңыл Бисенова, Жаңабұлақ ауылынан қоғамдық медиатор Жұмағаным Маштақова, аудандық орталық аурухананың терапевт дәрігері Гүлфайруз Хамзина және
басқалары сөз сөйлеп, ауылдастарының еңбек ұжымындағы әріптестерінің ұмтылысы туралы баяндап, жарқын мерекеге толы нұрлы наурыз айына орай жиналғандарға игі лебіздерін арнады.

Әйел-аналарға раушан гүлімен қоса естелік сыйлықтар тапсырылды.

Еркін РАЙ 

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН