11.03.2019, 9:26
Қараулар: 182
Құрмет пен жанашырлық

Құрмет пен жанашырлық

Қабыршақты ауылында тұратын ана Ұлғаным Тәжідаеваның 1994 жылғы туған ұлы Райымбек Талғатұлы ауылда 9-сыныпты бітірген соң электрик мамандығын алу үшін Оралдағы №4 училищеге оқуға барған екен. Өкінішке қарай, ол 2012 жылы ауырып, жүрек кеселіне шалдыққаны белгілі болады. Жұбайы 2011 жылы қайтыс болған Ұлғаным Ұлданқызы қинала жүріп, Оралдағы дәрігерлердің көмегі көп қажет болатын ұлына облыс орталығынан 65 мың теңгеге пәтер жалдайды.

Ұ.Тәжідаеваның ауыртпалығын ауылдастары әрдайым бірге көтерісіп келеді. Мысалы, қабыршақтылық көркемөнерпаздар өздерінде және көршілес Жамбыл ауылдық округінде қайырымдылық концерттерін өткізді. Ауылдық округ әкімі Тілек Кәкеновке, ауыл түлегі, кәсіпкер Нұртас Салдыровқа және басқалардың жәрдеміне, баласының дәрі-дәрмегіне қамқоршы болып, кеңесімен медеген Ақжайық аудандық орталық аурухананың директоры Дархан Хайрушевке ол шексіз риза.

Ал жуырда ана мен оның ұлы КТК телеарнасындағы «Астарлы ақиқат» хабарына қатысқан соң олардың жай-күйінен хабардар
болған алматылық қос кәсіпкер достар: Аманжол Ырысмеңдиев Оралдан бір бөлмелі пәтер алып берсе, Дәурен Рахымжанов 4-мөлтек аудандағы пәтердің ішіне қажетті заттарды жеткізіп берді. Бұл анаға деген құрметтің, оның ұлына деген зор жанашырлықтың асқақ көрінісі болып табылады. Айта кетейік, алматылық азаматтар жоғарыда аталған Н.Салдыровтың
достары болып табылады.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Қабыршақты ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар