11.03.2019, 11:15
Қараулар: 604
Көшбасшылыққа жетелеген курс

Көшбасшылыққа жетелеген курс

Мектеп оқушыларына білім қаншалықты маңызды болса, дағды да сондай қажет. Яғни ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын және қолдана білуін уақыт сөзсіз талап етуде. Иә, қазіргі таңда рухани бай, еркін, өзіндік көзқарастарын нанымды түрде жеткізе алатын, сандық ақпараттық технологияларда құзіреттілік танытатын шығармашыл тұлға тәрбиелеуде мұғалімге зор
жауапкершілік жүктеледі. Осы орайда Оралда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлігі орталығындағы «Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» атты біліктілікті арттырудың 9 айлық курсына қатыса жүріп, білгеніміз, түйген ойымыз көп.

Курсқа Атырау, Ақтөбе және өз облысымыздан мектеп басшылары тартылған. Мысалы, тренеріміз Жанна Жұмашқызы шағын жинақты мектептерде оқытудың ерекшеліктерін тыңдаушыларына өмірмен байланыстыра отырып, өзара оқыту арқылы түсіндіреді. Қазіргі таңда курстың бірінші теориялық бетпе-беті аяқталып, өз мектептерімізде машықтанудан өтудеміз. Көшбасшылық дегеніміз – бүкіл мектеп ұжымының ізденісі. Осыған ұмтылудамыз. Мысалы, «Оқушы үні» жобасы, «Бөлінген
көшбасшылық» идеясы негізінде мазмұны тың істерді қолға алудамыз. Ата-аналар жаңартылған оқуға қатысты ақпаратты қажетті деңгейде алып жүр ме? Оқушылардың мектептегі бүгінгі жаңалықтарға көзқарасы қалай? Осындай сауалдар бойынша теориялық
білімді қазіргі машықтану кезеңінде ұтымды пайдаланудамыз.

Венера БӨСТЕКОВА, 

мектеп директорының орынбасары,

Жамбыл ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар