11.03.2019, 11:19
Қараулар: 642
Доп додасында – қыз-келіншектер

Доп додасында – қыз-келіншектер

Аудандық орталық ауруханасы ұйымдастыруымен және “SENIM” кәсіподақ ұйымының қолдауымен Чапаев ауылында 8 наурыз мерекесіне орай ұйым, мекемелердегі әйел қызметкерлер командалары арасында волейболдан ашық турнир өтті. Жарыстың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев және аудандық орталық аурухана директоры Дархан Хайрушев аруларды, аналарды мерекелерімен құттықтады.

Жарысқа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, аудандық аурухана, Абай атындағы мектеп-гимназия, “Жігер” спорт клубы, М.Әуезов атындағы орта мектеп және Тайпақ ауылдық ауруханасы командалары қатысты.

Жоғарғы деңгейде, тартысты өткен жарыстың жабылуында аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов жүлдегерлерге марапаттар
тапсырды:

I орынды “Жігер” спорт клубы, II орынды М.Әуезов атындағы орта мектеп командасы иеленсе, III орынды аудандық аурухана
мен Абай атындағы мектепгимназия ойыншылары бөлісті.

Гүлжанат Хайрекеева (әлеуметтік қызмет көрсету орталығы) “Үздік қорғаушы”, Айгүл Темірбаева (Абай атындағы мектеп-гимназия) “Үздік байланыстырушы”, Гүлбадам Шәмелова (М.Әуезов атындағы орта мектеп) “Үздік тоқауыл қоюшы”, Дина
Аймурзиева (“Жігер” спорт клубы) “Үздік шабуылшы”, Альвира Тұрсынова (Аудандық аурухана) “Үздік ойыншы”, Ғалия Жунсаева (Тайпақ) “Үздік ардагер ойыншы” аталымдарымен қошеметтелді.

Жүлдегерлер аудандық аурухана кәсіподақ ұйымының дипломы және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаз
“Жігер” спорт клубы ойыншыларына арнайы ауыспалы кубок табысталды. Демек, ашық турнир дәстүрге айналады. Өйткені
ауданымызда волейболды сүйіп ойнайтын қызкеліншектердің қатары қалың.

Еркебұлан БЕЛЯКОВ, 

аудандық аурухана кәсіподақ ұйымының мүшесі