11.03.2019, 11:28
Қараулар: 435
Бірыңғай жиынтық төлем: жарналар түсуде

Бірыңғай жиынтық төлем: жарналар түсуде

2019 жылдың қаңтар айында еліміз бойынша бірыңғай жиынтық төлемді төлеу аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 3655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн. теңгеге 4019 жарна (1,1 млн. теңге қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келіп түскен.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылғаны көпшілікке мәлім.  БЖТ өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын, БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады. Осылайша БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады.

Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады.

Самал ТӨКЕНОВ, 

БҚО филиалы БЖЗҚ Чапаев ауылындағы операциялық бөлімінің жетекші маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар