11.03.2019, 11:36
Қараулар: 200
«Құқық тәртібі» не көрсетті?

«Құқық тәртібі» не көрсетті?

Ішкі істер министрлігінің жеделпрофилактикалық ісшараларды және арнайы операцияларды өткізуінің І тоқсанға арналған кестесіне сай 28 ақпан – 6 наурыз аралығында «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. 

Осы іс-шараға аудан полициясынан 22 қызметкер, сегіз автокөлік жұмылдырылды. Бұрын ашылмай тұрған екі қылмыс, яғни аудан орталығында кісі тонау оқиғалары ашылып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен жеті адамға әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда масаң күйінде жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен 13 адамға әкімшілік хаттама, Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабымен  13 адамға, көлік құралын басқару кезінде телефон не радиостансаны пайдаланған екі адамға (ӘҚБтК-нің 591-бабы), көлікпен жүру жылдамдығын арттырған (ӘҚБтК-нің 592-бабы) 3 адамға, көлік құралын ішімдік ішкен күйінде жүргізген бір адамға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бейімбет ЕРМЕКОВ, 

Ақжайық АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы, полиция капитаны

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар