11.03.2019, 11:38
Қараулар: 617
Мерген мектебіндегі облыстық семинар

Мерген мектебіндегі облыстық семинар

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау – заманның бір зор талабы. Оның пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатқан Мерген орта мектебінде «Өзін-өзі тану – адамгершілік құндылықтар негізі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Оған аудандардан сала әдіскеркерлері, өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қатысты.

Шара барысында 10-сыныпта өзін-өзі тану пәнімен кіріктірілген «Тұздар гидролизі. №3 практикалық жұмыс» химия сабағы, 7-сыныпта «Туған үй – cүйіспеншілік бастауы» тақырыбында отбасылық дәріс өткізілді. Басқа да сабақтар ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы Абай атындағы мектеп-гимназияның өзін-өзі тану мұғалімі Гүлнәр Иманғалиева сыныптан тыс жұмысынан шеберлік сыныбында «REАDх» жобасы негізінде оралдық ақын Дариға Мұштанованың «Аңыз болған абысындар» кітабының құндылығы жайында кеңінен қамтыды. Орал гуманитарлықтехникалық колледжінің оқытушысы Фарида Иштаева аталған бағдарламаның психологиялық-педагогикалық негіздері туралы баяндады.

Мерген орта мектебінің өзінөзі тану пәнінің мұғалімі Салтанат Қажығалиева «Білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген қосымша білім беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында коучинг өткізді.

Еркін РАЙ 

Мерген ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар