27.03.2019, 9:13
Қараулар: 673
Жыл төлі

Жыл төлі

Жылдың төлін алу ауданда ойдағыдай өтуде. Деректерге сүйенсек, осы күнге дейін алынған төлде  былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда, өсім бар. Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Дана Усахованың мәліметінше, жыл басынан бері ауданда 1397 бұзау, 6129 қозы-лақ, 233 құлын тіркелген. Былтыр осы уақытта 1381 бұзау, 5876 қозы-лақ, 221 бас құлын
есепке алынған екен. Яғнибұзау – 1,1, қозы-лақ – 4,3, құлын 5,4 пайызға көп.

Ауылдық округтерге тоқталсақ, Ақжолда меншіктің барлық нысанында 504 бұзау, 2668 қозы-лақ тіркелген. Алғабаста 938 бұзау, 6510 қозы-лақ, 27 құлын, Бударинде 542 бұзау, 2600 қозы-лақ, 25 құлын, Есенсай ауылдық округінде 269 бұзау, 690 қозы-лақ, 25 құлын, Жамбылда 188 бұзау, 1440 қозылақ, Алмалыда 200 бұзау, 700 қозы-лақ, 20 құлын санаққа алынған. Сондай-ақ, мысалы, Сарытоғай ауылдық округіндегі «Құралай» шаруа қожалығы 100 аналықтан әзірге 40 бұзау, «Байғазы» шаруа қожалығы 70 сиырдан 30 төл алып отыр.

Жас төлді аман сақтау үшін шаруа қожалықтарында әдеттегідей түнгі кезекшіліктер ұйымдастырылған, күн райының әр ашық сәті әкелген мүмкіндік толық пайдаланылуда, яғни түлікті кең жерге, шуаққа шығарып, ширатуға тәжірибелі көмекшілер тартылған.

Бекболат ҚАЛЕНОВ