27.03.2019, 9:25
Қараулар: 436
Нағыз күрескер

Нағыз күрескер

????????????????????????????????????

Ғинолла САДЫРОВ, «Халықтар достығы» орденінің иегері, Ақжайық  ауданының құрметті азаматы: – Мен еңбек жолымда халықтың сенім артуымен біраз жауапты жұмыстарда болдым. Егемендіктің елең-алаңында, «боламыз ба, әлде бордай тозамыз ба?» деген алмағайып шақта жұртпен бірге небір сынақты бастан өткеруге тура келді. Тұңғыш Елбасымыздың арқасында қандайма ауыртпалықтан аман-есен шыққанымызға дос та, дұшпан да куә.

Тұңғыш Президентіміздің арқасында біздің еліміз бар-жоғы екі онжылдық мерзімде кеңестік экономикалық жүйенің жай ғана қосалқысынан халықаралық сахнада өзін-өзі көрсете білген, қарқынды дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекетке айналды. Саяси ерік-жігері айрықша тұлғаның жетекшілігімен ғана сан алуан ұлыстар мен дін өкілдері өмір сүріп жатқан елде мұндай ауқымдағы реформаларды ешбір күйзеліссіз жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Оның саяси стилінің басты ерекшелігі – әрқашан да дамуға, тек қана алға нық сеніммен қадам басуға әзір тұратыны болды. Сондықтан да болашаққа деген бағдары, замандастарының көпшілігінен жасырын қалған оқиғалар мен құбылыстардың алдын алу қабілеті – бұл болашақты болжай білетін саясаткер ретінде Н.Назарбаевтың ішкі күш-қуатының басты көзі болып табылғанына менің де көзім сөзсіз жетті.

Ядролық қарусыз Қазақстан, этносаралық және конфессияаралық келісімнің ұлттық моделі, жаңа астана, «Қазақстан – 2030» Стратегиясының мерзімінен бұрын орындалып, «Қазақстан – 2050» Стратегиясының қабылдануы, «Дағдарыс кілті» және «Бесінші жол» тұжырымды жұмыстары, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» – осының барлығы өзгерістердің кезеңкезеңімен, рет-ретімен әрі сабақтастық жағдайында жүзеге асырылуын қамтамасыз еткен Н.Назарбаевтың дана басшылығымен еліміз жүріп өткен үлкен жолдың аса маңызды кезеңдері болып табылады.

Елбасымыздың барлық стратегиялық мақсаттары мен бастамаларының нәтижесі – адами капитал сапасын арттыру. Оның негізі – білімді, денсаулығы мықты, бастамашыл, жауапты, кәсіби деңгейі әрі мәдениеті жоғары адам болып қала бермек. Кемел күрескерден, нағыз күрескерден, Халық қаһарманынан бір өнеге осы дер едім.

Тайпақ ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар