27.03.2019, 10:03
Қараулар: 157
Мемлекет зор сенім жүктейді

Мемлекет зор сенім жүктейді

Бүгінде жастар арасында жұмыссыздық кейбіреулерінің жігерін жасытып жүр. Дегенмен бұйырған жұмыстың жалақысын азырқанбай, өз әлдерінше ауылелдің дамуына үлестерін қосып жүрген қыз-жігіттерді өзімнің ауданымнан көрген сайын
көңілім өседі. Жұмыссыздарға егер ұмтыла білсе, тығырықтан шығар жол бар. Мысалы, қыз-жігіттердің бос уақытын тиімді өткізуге, жұмыс іздеуге арналған іс-шаралар Чапаевтағы, Жаңабұлақ ауылындағы «Өркен» коворкинг орталықтарында жүйелі түрде өте бастаған. Басқа да ауылдық округтерде осындай орталықтар ашылмақ. Демек, жастармен іс үдей түсері сөзсіз.

Жастар жылына орай Үкіметке берілген нақты тапсырмалар жастар аса зәру 4 саланы қамтыды – білім алу, жұмыс, баспана мен отбасын құру. Осыған байланысты биыл серпін болары сөзсіз деп есептеймін. Көптеген қыз-жігіт ең алдымен осы жылы берілген мүмкіндікті пайдаланып, кәсіпкерлікте, білімін жетілдіруде қарымды қадамдар жасауға ұмтылуда. Арамыздағы үздіктерден, бастамашылдардан үйренуге тиіспіз.

Мен – аудан орталығындағы Абай атындағы мектепгимназияның түлегімін. Бүгінде Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында білім алудамын. Қоғамдық жұмыстарды да қатар алып жүрген жайымыз бар. Институт
пен қаланың мәдени-көпшілік жұмыстарына араласып жүрмін. Бірге оқып жүрген қатарластарым қашан да елдік істе тартынып қалмайды. Жастарға ерекше көңіл бөлініп отырғаны қуантады. Осы бір тамаша жылдың жемісті бастамалармен өтуі үшін атсалысу азаматтық парызымыз деп білемін. Ойдағыдай білім алып, ізденісімізді өрістетіп, мемлекет сенімін ақтап, ауылелдің пайдасына үлес қосудан асқан мұрат жоқ.

Әли САҒАДАТ, 

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенті

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар