27.03.2019, 15:37
Қараулар: 169
Заңды елемеу зар еңіретеді

Заңды елемеу зар еңіретеді

????????????????????????????????????

Чапаев ауылының тұрғыны О. жуыр да көлікті арақ ішкен күйінде екінші рет — жүргізгендіктен, қылмыстық жауаптылыққа (ҚР ҚК-нің 346-бабы) тартылды. Алдында ол масаң күйде рөлге отырғандықтан ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп табылып, автомобильді басқару құқығынан 3 жылға айырылған-ды. Ал сөйте тұра қайталап әлгі әрекетке барғаны үшін 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылумен қоса 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегілді.

Жүргізушілер арасында олардың қызметі айналасындағыларға жоғары қауіптілік төндіретін қызметке, ал автомобильдер мен жолдар жоғары қатер көзіне жататынын, өкінішке қарай, әлі күнге ұғынбайтындар жетіп жатыр. Жылдың І тоқсанында біздің аудандық сот 91 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қараса, оның ішінде 7 іс – көлік иелерінің рөлге масаң күйінде отыруы, 26 іс – жол жүрісі қағидаларын төңірегіндегілердің өміріне  қауіпке соқтырған бұзу әрекеттері, 1 іс – жол жүру қағидасын бұзып, өзі қатысушы болып табылған жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы. Айталық, жоғарыда аталған 26 іс бойынша 22 көлік иесінің әрқайсына 50 500 теңге айыппұл салынды. Осыншама айыппұл да кейбір жүргізушілерді ойлантпайды, олар жол жүру қағидаларын тағы да бұзып жатады. Бұл бас-көзге қарамайтын бейқамдықты, жауапсыздықты көрсетеді.

Әлия ТӨЛЕГЕНОВА, 

аудандық соттың бас маманы