27.03.2019, 15:39
Қараулар: 432
Тоғайға қоқыс төккендерге – айыппұл

Тоғайға қоқыс төккендерге – айыппұл

Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі бойынша орман заңын бұзушылықпен күрес мақсатында жыл басынан бері 34 рейд жүргізілді. Тұрғындар тарапынан тоғайлық алаптарға тұрмыстық қалдықтар
төгу оқиғаларының тыйылмай отырғаны табиғат сақшыларын қатты алаңдатады. Жылдың өткен кезеңінде сондай 5 оқиғаға байланысты хаттама толтырылып, кінәлілерден 31562,5 теңге өндірілді.

Бүгінде орман қоры аумақтарында өрт қаупі күшейетін кезеңге дайындық басталды. Сондықтан жасыл желекті қорғау, күзету, алаптарда тазалық сақтау ережесінің мүлтіксіз орындалуын бақылауды күшейттік. Тұрғындарға, шаруа қожалықтарына жадынамалар таратылуда. «Тілсіз жаудың» «тайраңдауына» тұрмыстық қалдықтар да себепші болатыны мәлім. Оны көбіне табиғат сақшыларының көзін бағып, түнделетіп төгіп кететіндер аз емес. Біз уақытпен санаспай, шолуларды жалғастырудамыз.

Ақылбек ӘЛСЕЙІТОВ,

Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме директорының орынбасары

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар