27.03.2019, 15:40
Қараулар: 533
Күзет қызметкерлері күш сынасты

Күзет қызметкерлері күш сынасты

БҚО мамандандырылған күзет қызметі батальоны ІІ полиция бөлімшесінің аудандағы жеке құрамы Наурыз мерекесіне орай ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Жарыстың ашылу салтанатында бөлімше командирі, полиция майоры Оралбек Жұбандықов, бөлімшедегі кәсіби қызметтік даярлық сабағының аға инспекторы, полиция сержанты Решат Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, дене шынықтыру мен спорттың рухани кемелденудегі орнын атап көрсетті.

«Сұңқар», «Намыс», «Ерлік» тобы болып сайысқа түскен мамандандырылған күзет қызметкерлері қол күресі, асық ату, гір тасын көтеру, арқан тартыстан сынға түсті. Жарыстар нәтижесінде қол күресінен І орынды полиция аға сержанты Рауан Талғатов иеленді. Гір тасын көтеруден полиция старшинасы Дулат Жалмағамбетов ең мықты танылды. Асық атудан полиция старшинасы Асылбек Сисенов озды. Арқан тартудан «Сұңқар» командасы жеңіске жетті.

Рахмет ҚАЛИ