27.03.2019, 15:44
Қараулар: 9
Қылмыстық істер – электронды форматта

Қылмыстық істер – электронды форматта

Ауданның №2 сотында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Электронды қылмыстық іс» тақырыбында кездесу өткізілді. 

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес сотқа қылмыстық істер мен материалдарды электронды форматта жолдау көрсеткішін жоғарылатудың маңызы жайында сот төрағасы Тамара Ғұмарова кеңінен баяндап, «Электронды қылмыстық іс жүргізу» жобасы қылмыстық процесс сапасын жеңілдету мен арттыруға, тергеп-тексеру мерзімдерін және қаржылық шығыстарды қысқартуға, құжаттардың бұрмалану қаупін төмендетуге бағытталғанын баса әңгімеледі.

Ол осы жобаны іске асырудың бастапқы сатыларында істерді электронды түрде сотқа жолдау барысында біршама техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы кемшіліктер болғанын атап өтті. Аудан прокуратурасының аға прокуроры Досбол Жұманов қазіргі уақытта полиция және прокуратура органдарында қылмыстық істер мен материалдарды электронды форматта жүргізу жұмыстарын жандандыруға басымдық беріліп отырғанын айтып, электронды іс жүргізудің қылмыстық процесс жүргізетін органдардың барлығы үшін тиімділігін атап көрсетті.

Еркін РАЙ, 

Тайпақ ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар