27.03.2019, 15:49
Қараулар: 648
Алдыңғы толқын – жастардың тірегі

Алдыңғы толқын – жастардың тірегі

Чапаевтағы «Жайықтехсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұжымы Наурызға орай өз зейнеткерлерін шақырып, оларға қошемет көрсетті. Мерекелік дастарқан басында меймандар өздерінің бай еңбек жолынан сыр шертіп, бір сергіп қалды.

Құрылыста, коммуналдық шаруашылықта, қырсыры мол басқа да істерде жылдар бойы жұмыс жасаған Жақсылық Дінмұхаметов, Қанатқали Жасмамбетов, Манарбек Сапаров, Мұрат Бохаев және басқаларының еңбегі кейінгі ізбасарлар үшін өнеге мектебі болып табылады. Мұны кәсіпорын басшысы Әлжан Досмақов өз сөзінде ерекше  атап өтті. Ол еңбек ұжымының жылдар жүзіндегі шежіресі өшпестей хатталауы да басты назарда екенін айтты.

Ұжым мүшелері еңбек ардагерлері санатына қосылғанымен де әлі өздерімен бірге қызметтерін жалғастырып келе жатқан Ерболат Тапенов, Ғабит Қуанышев сынды ағалардың әңгімесін ықыласпен тыңдады. Алдыңғы толқынның бай тәжірибесі жастар үшін зор сүйеніш, мығым тірек болып табылатыны мәлім.

Рақым КЕЛБЕТ 

Суретті түсірген Азамат ҚАНАПИЯ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар