27.03.2019, 16:03
Қараулар: 7
Алғабастағы дала қызықтары

Алғабастағы дала қызықтары

Алғабас ауылында шаруалардың, кәсіпкерлердің демеушілігімен Наурыз күндері дала қызықтары ұйымдастырылды. Әсіресе ұлттық ат спорты түрлерін насихаттап, оның қолдаушыларын, жанашырларын көбейтуге айтулы қадам жасалды деп айтуға әбден болады. Айталық, 3 шақырымдық тай жарысына 10 сәйгүлік қатыстырылып, Әли Демесіннің аты озық келді. Содан кейін 9 шақырымдық топ бәйгеде 19 қылқұйрық арасынан Нұрқанат Демесіннің тұлпары топ жарды.

Осындай бәйгелер қорытындысымен «Ең  әдемі ат әбзелі» аталымы Нұрлыбек Ильясовке, «Ең жас шабандоз» аталымы Жетіс Жакулаға және «Ең жақсы тақымды шабандоз» аталымы Мардан Асылжанға берілді. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Мерекелік шара мәдениет үйінде танымал өнерпаздар Әнуар Меңдібай, Аманғали Мәрленұлы, Қанат Мәжитұлы және Ердәулет Мүслимнің концертіне ұласты.

Гүлсезім ЖАСҚАЙРАТ, 

Алғабас ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар