27.03.2019, 16:12
Қараулар: 184
Еркін күрестен белдесулер

Еркін күрестен белдесулер

Чапаевта еркін күрестен 2004-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өтті. Жарысқа Чапаев, Бударин, Қабыршақты және Жайық ауылдарынан балғын спортшылар қатысты.

80-ге жуық өрімдер арасындағы тартысты бәсекелерде І орынды Есен Дошатов (32 келі), Оралхан Асхат (38 келі), Еламан Қанат (44 келі), Әділ Асқар (+85 келі, бәрі де Жайық ауылынан), Бөкейхан Сүйеуғали (35 келі, Қабыршақты), Әнуар Бегимов (41 келі), Кәкімбек Мұхамбетжанов (48 келі), Жарас Мақсот (52 келі), Арман Мақсотов (62 келі), Қайрат Дәулеткереев (85 келі, Чапаев), Ерасыл Ақмырзаұлы (57 келі), Ернар Қажы (68 келі, Бударинде) иеленді.

Жеңімпаздар балаларжасөспірімдер спорт мектебінің дипломдарымен марапатталды.

Асылхан ТЕМІРҒАЗИЕВ, 

жаттықтырушы