4.04.2019, 16:56
Қараулар: 198
Тура Жайық жағасында…

Тура Жайық жағасында…

Жайық жағасы алабының аудан  орталығы аумағымен ұласатын №22 орамының экологиялық жай-күйі бүгінде, шынтуайтында, үрейлі-ақ. «Жайық таңы» газеті редакциясына бас сұққан Чапаев орманшылығының орманшысы Қайрат Тілеужанов бұл жайында жаны күйзеле отырып әңгімелеп берді.

Халық «Бәйтерек» деп атап кеткен тоғайдың осы орамында жуырда ғана орманшы қауым тазарту жүргізген екен. Бірақ іле-шала бұл жер қалдық-қоқысқа қайта толды. Орманшының айтуынша, тура Жайықтың жағалауындағы мұндай көрініс дүркін-дүркін қайталанып тұрады. Жағаға таяу үйлер тұрғындары тұрмыстық қалдықтың неше түрін сайға төгуді «берік» дағдыға айналдырған.

Табиғаттың бүлінуіне жасыл желекті жағаға келіп демалушылар да «айтулы» үлес қосуда. Олардан қалған шөлмек, ыдыс атаулының неше түрін көріп, бұл сайып келгенде, демалу емес, дүниені бүлдіру ғой деуге мәжбүрсің. Сірә, біздің полициядағы азаматтар, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар «Бәйтерек» жақты шолып қойса, жағалауды бүлдірушілер аяғын тартар-ау.

Жеңіс ҚАСЫМ 

Суреттерді түсірген Азамат ҚАНАПИЯ