4.04.2019, 17:34
Қараулар: 6
Әуедоп турнирі

Әуедоп турнирі

Тәжік-Ауған шекарасындағы соғыс іс-қимылдары ардагерлері-мүгедектері БҚО одағы қоғамдық ұйымының (төрағасы Дарбек Сүлейменов) бастамасы және демеушілігімен Чапаевта волейболдан аудандық турнир өтті. Аталған соғыс қимылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған бұл шараға 8 команда қатысты.

Тартысты өткен бәсекелер қорытындысымен І орынды Чапаев №1 орта мектебі, ІІ орынды агротехколледж, ІІІ орынды Бітік орта мектебінің ойыншылары иеленді.

Демеушілер жекелеген ойыншыларды да қошеметтеді. Айталық, Алмат Жазықбаев (Чапаев №1 орта мектебі) «Үздік ойыншы», Асқар Шәмелов (агротехколледж) «Үздік қорғаушы», Ақылбек Аққайыр (Абай атындағы мектеп-гимназия) «Үздік шабуылшы», Қуаныш Ерболатов (Бітік орта мектебі) «Үздік тосқауылшы» аталымдарын иеленді.

Ерлан ДОСАЛИЕВ 

Суретті түсірген Нұрәлі ӘЛІМ