4.04.2019, 17:35
Қараулар: 635
Аймақтық іріктеу ойындарында

Аймақтық іріктеу ойындарында

Орал қаласында республикалық «SportFEST Kazakhstan» мектеп спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары өтті. Оған ауданымыздан қатысқан М.Әуезов атындағы орта мектептегі тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі Надежда Кенеева мен Қаршы орта мектебіндегі үстел теннисі үйірмесінің жетекшісі Артур Қайыржановтың шәкірттері жүлдегерлер атанды. Айталық, тоғызқұмалақтан Алтынай Әмірова мен Әлішер Бегеев ІІ орын иеленді. Теннистен Ізім Мансұр ІІ орынға, Зарина Халықова ІІІ орынға табан тіреді.

Кенжебек АЙТҚАЛИЕВ