4.04.2019, 17:40
Қараулар: 193
Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын

Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын

Ақырыс ӘДИЕТОВА, Абай атындағы мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі, Чапаев ауылы:  – Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі мемлекетіміздің ең басты назарында ұсталып келеді. Солай болуы да заңды. Еліміздің болашағы жас лектің еңбекқорлығына, арман-мұратына байланысты. Ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерімізді жаңғыртып, оны алға ілгерілетіп, елдің экономикасы мен ғылымын дамытуға міндеттіміз. Ісімізде жауапкершілік, құнттылық көрсетіп, тәуелсіздіктің тұғырлы болуы жолында еңбек етуіміз керек.

Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп белгілеген шешіміне дән риза болдым. Мемлекет білім саласы мен педагог мәртебесіне де баса назар аударуда. Жастар жылына орай жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін
күшейту, кәсіби дағдыларын жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында өткен «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты ІІІ республикалық байқаудың аудандық кезеңінде II орынды иелендім. Бұл сайысқа үлкен жауапкершілікпен қарап, келешек ұрпақты
тәрбиелейтін, заманымызға сай жаңашыл мұғалімнің қандай болу керегін көрсетуге тырыстым. Мақсатым – өз шығармашылығыммен бөлісіп, басқа жас мамандармен озық дағды алмасу. Жүлделі орынға ие болуым өзіме деген сенімді одан әрі арттырды.

Білім алу, жұмыспен қамтылу, одан кейін баспаналы болу. Егер осы үш мәселе толық шешімін тапса, жас мамандар тиянақты, сапалы жұмыс істей алады. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы осы мәселесінің басты бір шешімі болып табылады. Өзім осы бағдарлам қатысушысымын. Бүгінде тұрғын үй несиесін алуға кезегімді күтудемін.

«Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаздары мен жастарын дәріптеген жұрт қана тарих сахнасының төрінен берік орын алады. Лайым, солай болғай.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар