4.04.2019, 17:50
Қараулар: 6
Еңбекке ұйысқанның еңсесі биік

Еңбекке ұйысқанның еңсесі биік

Қайрат ТЕМІРҒАЛИЕВ, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы камералдық бақылау және өндіру бөлімінің бас маманы:

– Жастарға қатысты жобалар мен бастамалар биыл қай кездегіден де серпінді дер едім. Жас буынды жұмыспен қамту басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблемаға қатысты қам-қарекеттер еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылуы мені де қуантады.

2016 жылы Астана қаласындағы Л.Гумильев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен қаржыгер мамандығын алып, сол жылы Орал қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына бас маман болып орналастым. Бүгінгі таңда аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының камералдық бақылау және өндіру бөлімінің бас маманымын. Басқармада 9 адам жұмыс жасаймыз. Олардың бесеуі жастар. Мұнда тексерістерге шығу, әкімшілік хаттама толтыру, камералдық бақылау жасау, егер қажет болса заңға сай мәжбүрлеп өндіріп алу, өтініштерді қабылдау секілді жұмыстармен айналысамыз. Барынша тегеурінді қамқорлықпен қатар барлық саладағы жастар өздерінің алдына қойылған міндеттерді толық ақтайды деп білемін. Еңбекке ұйыссақ қана еңсеміз биіктейді.

Білім мен ғылымды дамытуға, бәсекеге қабілетті жаңа қоғам құруға атсалыссақ, нұр үстіне нұр. Уақыттың мықты талабы сол. Елімізде жастардың креативті, жаңаша ойлай білетін жаңа толқыны өсіп келе жатқанына сенімдімін.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар