5.04.2019, 9:16
Қараулар: 471
Хакім Абайды тыңдасақ, қор болмаймыз

Хакім Абайды тыңдасақ, қор болмаймыз

Бүгінде қоғамымыздағы түрлі жағымсыз, тіпті арсыз, келеңсіз құбылыстар әркімді алаңдатуы тиісақ. Соларды әлеуметтік желіден көрген сайын жүрек шаншиды. Демек, біздің ұлттық және отбасылық тәрбие институтын жандандыру және жаппай насихаттау уақыт талабы екені сөзсіз.

Халқымыз ширек ғасырда экономикалық тұрғыда біршама өсті. Ойланып, ес жинайтын уақыт болды ғой. Ендігі кезек – ұлттық идеологияны көтеру, халықтың мүддесі мен мақсатын бір арнаға салу. Ұлттық бояуымызға, яғни рухани құндылықтарымызға оралу жайында соңғы кезде қозғалыс бар. Мұны қанаттандыруымыз керек-ақ. Еңбекке енжарлар, оқу-білімге селқостар аз емес. Бұл жайт санасында сәулесі бар әркімге  тыным таптырмаса, шіркін… Яғни әлгілерді бері тартуымыз, ойландыруымыз қажет-ақ.

Хәкім Абай үшінші қара сөзінде айтқандай, «…Әрбір жалқау кісі – қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз – қорқақ, мақтанғыш келеді, әрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан келеді. Әрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді. Әрбір арсыз, жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады» дегенін қаперден неге  шығарамыз? Бұл сөзде қаншама
мән, салмақ жатыр.

Рухани даму бастауы – тіл, дін және діл. Бұлар – бір-бірімен біте-қайнасқан біртұтас дүние. Әрбірі аса маңызды элемент. Құдайға шүкір, Қазақ елі – керегесі кең, шаңырағы биік мемлекет. Енді осыны ұстап тұруды айт. Хәкім Абайдың айтқанын тыңдасақ, қор
болмаймыз.

Мына заман немқұрайлылықты, ұйқылыояу немкеттілікті, оңай олжаға құнығушылықты, еңбектен бой тасалауды көтермейді.
Соның бәрі түбі жақсылыққа апармайды. Осыны қаперлейік.

Уайыс БЕРІК, 

Алғабас ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар