5.04.2019, 9:17
Қараулар: 20
Айыппұл көлемі – 20 АЕК

Айыппұл көлемі – 20 АЕК

Чапаев ауылы тұрғынының бір ірі қарасынан бруцеллез кеселі анықталған болатын. Алайда ол 15 күн ішінде бұл малды жою жөнінде нұсқаманы орындамағандықтан, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Мұның мөлшері 50 мың теңгеден асады.

АШМ Ветеринарлық қадағалау және бақылау инспекциясы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Азамат Алхамбетовтің айтуынша, бруцеллезге оң нәтиже берген малды тапсырудан және түліктен қан алдырудан бас тартқандары үшін тиісті Заңға сәйкес ауданда былтыр 19 мал иесіне әкімшілік айыппұл салынған.

Сәнім ҒИБАДАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар