11.04.2019, 17:10
Қараулар: 482
25 мың үйеңкі, 30 мың шаған егілді

25 мың үйеңкі, 30 мың шаған егілді

Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде көктемгі егу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Алмалы орманшылығында мемлекеттік орман қоры жерінде 12 га., Степной, Алмалы орманшылығында – Орал-Атырау жол бойында 23 га., яғни барлығы 35 га. жерге тал отырғызу мәреленді. Көктемгі бұл ағаш отырғызуға барлығы 25 мың үйеңкі, 30 мың шаған екпе материалдары жұмсалды.

Бүгінде жоспар бойынша алаптарда және орамдарда 18 га. жерде бұрынғы екпелерді толықтыру жұмыстары жүргізілуде. «МТЗ-82», «ДТ-75» тракторлары, «ПН-4/35» соқасымен, тал отырғызатын «МП-5» агрегаты бабында ұсталуда.

Айгүл БЕРІКҚЫЗЫ,

орманшаруашылық инженері