11.04.2019, 17:12
Қараулар: 171
Қарулы Күштер ардагерлері бас қосты

Қарулы Күштер ардагерлері бас қосты

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде 8 сәуір – жергілікті әскери басқару органдарының құрылған күніне орай жүздесу ұйымдастырылды. Қарулы Күштер ардагерлері Станислав Ложкин, Мейрам Шутанов, Қайрат Мақанов, Николай Стрельцов, Сергей Скитович және басқа аға ұрпақ өкілдерін Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілі, капитан Азамат Көпбергенов құттықтады.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Дархан Қалимеденов жергілікті әскери басқару органдарының тарихын баяндады.

Ардагерлер өз еңбек жолдарынан, әскердегі қызметтерінен ұмытылмас күндерді әңгімеледі.

– Олар, қашанғыдай, жастар тәрбиесіне, өрендерімізді Отан қорғау ісіне баулуға хал-қадірлерінше атсалысатындарын айтты,
– дейді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің инспекторы Меңсұлу Нұрмұханова.

Ардагерлер мен бөлімнің бір топ қызметкері осы күнге байланысты алғысхатпен қошеметтелді.

Еркін РАЙ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар