11.04.2019, 17:22
Қараулар: 661
Жауапкершілік үдесінен көрінеміз

Жауапкершілік үдесінен көрінеміз

Қайыржан ЕЛЕШОВ, Жамбыл ауылдық округінің әкімі: 

– Мемлекет басшысының өткен сейсенбідегі Үндеуінен біз өзгерісі қым-қуыт әрі жылдам әлемде өмір сүріп жатқанымызға көзіміз жете түсті. Қазақстанда әрдайым өзіндік саяси жігер мен әлеуметтік оптимизм болуы керек. Бүкіл байтағымыздың экономикалық-әлеуметтік серпілісі, рухани жаңғыруы барысында алдағы уақытта нелерді және қалай жүзеге асыру керегінің тағылымды тұжырымдамалары бар. Бұлар жүйелі түрде, реттілікпен жүзеге асырылғаны абзал. Осы орайда саяси жүйенің эволюциясы – заңды процесс. Әлемдегі асқақ беделімізді одан әрі бекітуге тиіспіз. Бүгініміз және болашағымыз үшін бұл бізге ауадай қажет.
Сондықтан қазақстандықтар кезектын тыс сайлау туралы шешімді өте қажет деп есептеуде.

Үндеуде Президент баршамызды сайлауға барынша байыппен қарауға шақырды. Өйткені еліміздің келешегі, әр отбасы мен азаматтың тағдыры алдағы сайлауда зор жауапкершілік, өзіміздің ортақ тағдырымызға деген мүдделілік танытуымызға байланысты. Осы үдеден көрінеміз.