11.04.2019, 17:32
Қараулар: 674
Тұрғындармен байланыс нығаюда

Тұрғындармен байланыс нығаюда

Мемлекеттік қызметшілерге  Әдеп кодексін бұзуға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек жөнінде біздің өңірімізде де тиісті шаралар жүйелі түрде атқарылуда. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына  келтіруге бағытталған істер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары бойынша түсінік жұмыстары, еңбек ұжымында жалпы қабылданған моральдықәдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесуді де неғұрлым пәрменді жүргізіп келеміз.

Айталық, таяу арада мемлекеттік қызмет пен Әдеп кодексі туралы 8 қабылдау жүргізіліп, кеңес берілді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзуға жол бермеу тақырыбында, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру бойынша 3 семинар-дәріс, бекітілген нысан бойынша
1 анонимді сауалнама жүргізілді. Айталық, анонимді сауалнама ұжымдағы моральдықпсихологиялық ахуалдың  жай-күйін анықтап, мұны жетілдіруге бағытталған шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Тұрғындармен байланыс барған сайын нығаюда.

Бұдан басқа, Әдеп жөніндегі уәкілден әрбір азамат мемлекеттік қызметкерлермен байланыстағы әдеп жөнінде немесе мүдделер қақтығысы бойынша кеңес алуға болады. Байланыс жасау үшін: БҚО, Орал қаласы, Досмұхамедов көшесі, 45, №41 кабинет, телефон: 8 (7112) 504979.

Азаматтарды қабылдау әрбір айдың соңғы жұма күні 8 (7112) 504979 телефонымен алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады.

Қайролла НҰРМҰҚАНОВ,

әдеп жөніндегі уәкіл, Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар