12.04.2019, 10:33
Қараулар: 171
Карантиндік сертификат – электрондық форматта

Карантиндік сертификат – электрондық форматта

Жыл өткен сайын «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша елімізде мемлекеттік қызмет көрсету аясы кеңеюде. Осы тұрғыда өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы азаматтар өз бетінше алу мүмкіндігіне ие болуда.

Карантиндік сертификат беру қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде осы веб-портал арқылы жүзеге асырылады, қызметтер тегін көрсетіледі.

Қызмет алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режімінде ала алады.

Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер
карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы портал арқылы берген карантиндік сертификаттар бар болғанда жүзеге асырылады.

Карантиндік сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын
мерзімде рәсімделеді.

Осы туралы түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында жуырда аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мекеме мамандары Алмалы ауылында Алмалы және Тайпақ ауылдық округтеріндегі ауылшаруашылық құрылымдары жетекшілерінің қатысуымен семинар-кеңес
өткізді. Семинарда өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың тәртібі, карантиндік нысандарды анықтау және олармен күрес жайында баяндалды.

Өсімдіктер карантині саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша толық ақпаратты аудандық аумақтық инспекциядан білуге болады.

Жексенғали АСҚАРОВ,

аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар