12.04.2019, 11:03
Қараулар: 6
Жастар осыны ұғынса…

Жастар осыны ұғынса…

Анау КСРО кезіңде өзгелердің, Батыс жақтың қаңсығына көз жұмып, бас шұлғығанымыз мәлім. Сондықтан тұрмыс-тірлігімізде өзіміздің ділімізге жат, бізге мүлдем жараспайтын әдепдағдылар белең алды. Мұндайдан арылатын уақыт жеткені сөзсіз, бірақ жаман қылықтың жұққыштығын қойсаңшы.

«Жайық таңы» газетінде (№13, 5 сәуір, 2019 ж.) жарияланған «Дарақыланып, дабылдату «салттың» қай түрі?» атты мақаласында еңбек ардагері Аманғали Қайсағалиев сондай жайттың бірін өте орынды көтеріпті. Яғни үйлену тойын өткізу барысында жас жұбайларды көлікке отырғызып алып бүкіл ауылды кезіп, дабылдату, жастардың жөнсіз айқайға салып, кейбіреуінің автомобиль терезесінен кеудесін жартылай шығарып, дарақылануы айтылған.

Иә, мұндайға тыйым керек-ақ. Бұл дегенің анау бір елдерден жеткен, еріккендердің ермегінен шыққан дарақылық қой. Жастарға осыны ұғындырып, санасына жеткізгеніміз жөн. Ауылауылда ненің озық, ненің тозық екені туралы жастар жетекшілері де өз сөзін айтқаны абзал.

Келбет АҚҚАЙЫР,

Чапаев ауылының тұрғыны

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар