12.04.2019, 11:07
Қараулар: 465
Балық, шаян аулауға тыйым айлары

Балық, шаян аулауға тыйым айлары

Өзендерде балықтың уылдырық шашу кезеңіне байланысты облысымыз бойынша 1 сәуір – 31 мамыр аралығында кең ауқымды «Бекіре – 2019» акциясы жүргізілуде. Тиісті қызметтер балық қорғауға қатысты жан-жақты іс-шаралар жүргізуде.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу туралы» бұйрығына байланысты су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде Батыс Қазақстан облысының шегіндегі Жайық өзенінде және оның барлық жанама су айдындарында (құймалар, жылғалар, өзектер) сәуірден бастап 15 маусымды қоса алғандағы аралықта шаян аулауға тыйым салынды.

Марат ИСЕНҒАЛИЕВ,

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар