12.04.2019, 11:09
Қараулар: 477
Еңбекке үйірдің ұтары мол

Еңбекке үйірдің ұтары мол

«Еңбек – бәрін жеңбек» дегеннің ақиқаттығына ауылымыздағы шаруақор, мақсаткер жандармен жүздесіп, әңгімелесу барысында сөзсіз көз жеткізіп келеміз. Мал өсіруді ықтиятты жүргізген немесе басқа да кәсіп иелерімен дидарласып, келешегіміз үшін пайдалы кеңес алуымызға мектебіміздегі технология және көркем еңбек пәні
мұғалімі Бақытжан Тұрайысовтың көптеген шара ұйымдастыруы зор мүмкіндік беріп жүр.

«Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы» идеяларымен, Тұңғыш Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын оқыпүйрене отырып, адам баласы еңбегінің құдіретіне сөзсіз көз жеткізіп келеміз.

Адам тағдыры, әрине, оның еңбегімен тікелей байланысты. Ағайымыз мұны бізге мұқият ұғындырып, кәсіпкерлермен
мектепте де, олардың жұмыс орнында да кездесулер ұйымдастырып тұрады. Мысалы, жуырда ара-тұра мал бордақылаумен шұғылданатын, ауылдастарымыз дүкенінен қажетті заттарын, оның ішінде мал жемін де алып тұратын Жанат Таскеновтен істі бастау, жоспарлау туралы көп нәрсеге қанықтық.

Ынта-ықылас болса, адам өмірде айтулы жетістіктерге қол жеткізері сөзсіз. «Сен қандай кәсіпті сүйесің?», «Мамандық
таңдап жүрсіз бе?», т.б. кездесулер, кештер, дәрістердің де бізге бергені мол. Мектебімізде, мысалы, мал және бақша өсірудің қыр-сырын, еңбек адамдарының ұмтылысын зерттеп, ой қорытып, баяндама жасап жүрген оқушылар аз емес. Соның бәрі де біз үшін пайдалы, қажет-ақ.

Бекарыс БОЛАТҰЛЫ,

Сарытоғай орта мектебінің 11-сынып оқушысы,

Жанама ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар