12.04.2019, 11:12
Қараулар: 482
Техникалық байқау басталды

Техникалық байқау басталды

Үкіметтің 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/421 қаулысына сәйкес тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелер, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдеріне жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізудің бірыңғай тәртібі белгіленген. Міне, осы шараның уақыты келді. Бұл орайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы алуға болатынын еске саламыз.

Соның бәрі ЖШС, шаруа  қожалықтарына, ауылшаруашылық техникасы бар азаматтар үшін міндетті болып табылады. Аталған байқау ауылшаруашылық көліктерінің жай-күйін бағалау, олардың санын, қоршаған ортаға тигізетін әсерін, қауіпсіздік техникасы ережелерін өрескел бұзуды болдырмау мақсатында жүргізіледі.
Шаруа қожалықтарында шөп шабу, егін егу жұмыстарына қатысатын жұмысшыларға өртке қарсы күрес жөнінде ескертпе нұсқау жүргізілуі керегін де қаперлейміз. Өртке қарсы арнайы жер жырту құралы мен трактор болуы шарт. Техникалар өрт сөндіру
құралдарымен жабдықталуы (су сепкіш,  ұшқын сөндіргіш, сыпырғыш, күрек, киіз, т.б.) керек. Маялар арасы бірбірінен сегіз метр қашықтықта үйіліп, жанар-жағармай сақтау орындары өсімдіктерден тазартылған жерде орналастырылуы тиіс.

Нұрлыбек ШӘКІЛОВ,

ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар