9.07.2019, 15:37
Қараулар: 31
Кәсіпкерлік субъектілеріне білу маңызды

Кәсіпкерлік субъектілеріне білу маңызды

2018 жылы 24 мамырда,іскерлік операциялардың шығындарын азайту және реформаларды жалғастыру үшін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

Бұл Заңмен, Кәсіпкерлік Кодексінің 10 бабы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атаулары бар мөрлері болуы мүмкіндігіне сәйкес,3-1 тармағымен толықтырылды.

Мемлекеттік органдарға және қаржы ұйымдарына, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғалардың құжаттарында мөрді талап етуге тыйым салынған.

Азаматтық Кодекстің 6 бабына сәйкес, азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөздердiң сөзбе сөз маңызы  сәйкес түсiнiлуге тиiс.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілерімен ұсынылатын құжаттарда мөр баспасынның болуын талап етуге құқығы жоқ.

Бұл шара, компанияны тіркеу рәсімін бір күнге азайтады және кәсіпкерлерге мөр дайындауға кеткен қаражатты үнемдейді,  бұл елдің осы рейтингтегі позициясына оң әсер етеді-деп күтілуде.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар