12.07.2019, 15:15
Қараулар: 434
№2 соттағы баспасөз мәслихаты

№2 соттағы баспасөз мәслихаты

Ақжайық ауданы №2 сотының төрағасы Тамара Ғұмарова өткізген баспасөз мәслихаты жартыжылдық қорытындысына арналды.

2019 жылдың 6 айында 26 қылмыстық  іс 36 тұлғаға қатысты түсіп, барлығы қаралды. Оның ішінде: 9 қылмыстық теріс қылық, 7 онша ауыр емес қылмыс, 5 ауырлығы орташа қылмыс, 5 ауыр қылмыс. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар былтырға қарағанда азайып отыр.

21 іс бойынша 28  тұлғаға қатысты үкім шығарылып, 3тұлғаға бас бостандығынан айыру, 6 тұлғаға бас бостандығынан шектеу, 4 тұлғаға айыппұл, 6 тұлғаға шартты жаза, 9 тұлғаға қоғамдық жұмыс түрдегі жаза тағайындалды.

4 іс қысқартылған, оның ішінде: 2 тұлғаға қатысты  2 іс медиация тәртібімен, атап айтқанда, ҚК 68-бабының 1-бөлігіне сай сотталушыдардың жәбірленушілермен медиация рәсімімен татуласуына байланысты; 4 тұлға ҚК-нің 68-бабының үшінші бөлігінің негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды;

Қысқартылған тәртіппен 15 қылмыстық іс, электрондық форматта 17 қылмыстық іс түсіп, 17 қаралды, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен 2 іс үкім шығаруымен қаралды, барлығы 151500 теңге айыппұл тұріндегі жаза 4 тұлғаға тағайындалды.

4 тұлғаға қатысты 2 қылмыстық іс апелляциялық сатыда қаралып, үкімдер  өзгеріссіз  қалдырылған.

Мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы 6 материал қанағаттандырылды.

Пробациялық бақылау мерзімін ұзарту туралы бір ұсыныс қанағаттандырусыз қалдырылды.

Азаматтық істер бойынша:

Барлығы 38 арыз, 3 іс түскен (1-соттылығы бойынша, 2-шешімнің күшін жою туралы). Соның ішінде 15 іс шешім шығарумен аяқталған /14 қанағаттандырылды /, 7  іс бойынша сот бұйрығы /оның 7 электронды түрде/ шығарылған, 7 іс қысқартылды (6-медиация тәртібімен).

Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істер бойынша: Барлығы 97әкімшілік іс түсті. (96 тұлғаға қатысты).

69 тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылды, оның ішінде: 4 тұлғаға ескерту, 36 тұлғаға айыппұл, 22 тұлғаға қамаққа алу,7 тұлғаға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

25 іс — ҚР ӘҚБтК-нің 64-бабына сай тараптардың бітімге келуіне байланысты іс қысқартылды.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түрде сотқа 38 талап арыз түсіп, «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түрде сотқа 96әкімшілік істер түсіп, қаралды.

2019 жылы 1 азаматтық іс бойынша  сот отырысы «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы өткізілді. 1 қылмыстық іс бейне конференц байланыс арқылы қаралды.

«Жайық таңы»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар