20.08.2019, 15:44
Қараулар: 395
Аулардан таза су айдыны

Аулардан таза су айдыны

Осындай атаумен өткен аптада Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыруымен акция өткізілді. Табиғатты қорғау шарасының басты мақсаты – су айдындарды иесіз қалған немесе браконьерлік балық ауларынан тралдау арқылы тазарту, санитарлық  жағдайын жақсарту. Оған мекеме қызметкерлері, жергілікті тұрғындар мен еріктілер қатарытнан 88 адам қатысты.

Акция аясында Кругловская, Гавань, Байболған, Сексен су айдындары  қоқыстан тазартып, балық аулау құралдары жинақталды. Барлығы 10 техника жұмылдырған сенбіліктің нәтижесінде 10 тоннаға жақын күл-қоқыс су айдындарынан тыс арнайы орындарға шығарылса, жалпы ұзындығы 375 метрді құрайтын 23 дана ау өртелді.

Талғат ДУШАЕВ,

Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің аңтанушысы