23.08.2019, 9:51
Қараулар: 327
«Жайық жүйрігі» – дүлдүлдер дүбірі

«Жайық жүйрігі» – дүлдүлдер дүбірі

Ақжайық өңірі ұлттық өнер түрлерін насихаттау мақсатындағы шараларға кенде емес. Осындай керемет шараның бірі  ҚР Конституциясы күніне орай ат бәйгесінен Чапаевта өтетін «Жайық жүйрігі» жарысы.  Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкімдігінің қолдауымен  ұйымдастырылып отырған  шарада шабандоздар аламан бәйге, топ бәйге, құнан және тай жарысы бойынша бақ сынайтын болады. Ақжайық агротехникалық колледжі маңындағы атшабарда 31 тамыз сағат 10.00-де басталатын дүлдүлдер додасы жанкүйердің  делебесін қоздырары анық.

«Жайық таңы»