25.09.2019, 19:49
Қараулар: 407
Алға, ақжайықтық туристер!

Алға, ақжайықтық туристер!

Халықаралық туризм күніне арналған XXІІ «Европа-Азия» туристік  фестивалінен ауданымыздың командасы қатысып, жеңіспен оралды. Туризмнің қыр-сырына балаларды тәрбиелеп жүрген белді туризм үйірме жетекшілерінен құралған команда бұған дейін де көптеген байқауларда алдына жан салмай, аудан мерейін сан асырды. Айталық, қарауылтөбелік  Бейбіт Абиров, Айнагүл Опиева,  тайпақтық Қолғанат Марат, Ақтілек Маратова, ақсуаттық Асхат Мұрат, кеңсуаттық Тілекқабыл Кенжеғалиев,  қабыршақтылық Досым Құспанғалиев, аудандық туризм және экология орталығына Әди Темірболат, Оксана Ефремова сынды мамандар кәнігі турист Қуаныш Аққалиевтің жетекшілігімен осы фестивальдің түрлі сынақтарынан сүрінбей өтіп, командасының жеңіс тұғырына көтерілуіне атсалысты.

Әсия Шырақ.