25.09.2019, 19:52
Қараулар: 134
Балаларды қуантты

Балаларды қуантты

«Мектепке жол» акциясы аясында Жаңабұлақ ауылының жанашырлары қолдан келген көмегін аяп жатқан жоқ. Олар аз қамтылған отбасынан  26, көпбалалы отбасынан 9 балаға мектеп құралдары, киім-кешекпен жәрдем етті.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» А.Сарсенов, «Жамиға» ш/қ А.Қабанов, А.Бейсекенова, А.Шохаев, С.Қажығалиев, Е.Айтбулатов сынды ауыл кәсіпкерлері,  С.Сағитова, А.Меңдібаев және ауыл тұрғындары Г.Нұрғалиева, Г.Сүйінішқалиева және де мектеп ұстаздары акцияға белсене ат салысып, шәкірттердің оқу жылын жақсы көңіл-күймен қарсылауына себепші болды. Мейірімді жандардың қолдауымен акция әлі де өз жағасын табуда.

Базартөбе орта мектебінде де аталмыш қайырымдылық акциясына үн қосып жатқандар көп. «Жүректен жүрекке» ұранымен жомарт жандар аз қамтылған, көпбалалы 23 отбасындағы 53 ұл-қызға 178 600 теңгенің оқу құралы мен киім-кешегін тарту етті. Қамбар Досмұханов, Баян Жұмағазиева, Төлеген Есенғалиев, Нұрлан Мұхамбетжанов, Мүнира Балағаденова, Жәлел Құлманов, Бердіғали Сұлтанбеков, Ержан Сейтімов, Алтай жарғалиев сынды қол ашық жандарға мектеп ұжымы, ата-аналар дән риза.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар